ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Қызылордада вирус жұқтырған екінші адам медбике екен

ҚЫЗЫЛОРДА. 30 наурыз. Қызылорда қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырып алған екінші адам медбике болып шықты. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Мұны облыстық әкімдіктің баспасөз орталығында өткен брифингте облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бастығының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Қазіргі таңда 1А категориялы елдерден келген 32 адам карантиндік бақылауда тұр. Оның ішінде, 9-ы стационарда, 23-і үй жағдайында. Бұған қоса, 1Б елдерінен келген 94 адам карантиндік бақылауға алынды. Олардың 12-і стационарда, 82 үй жағдайында. Сондай-ақ, мамандандырылған 2 эпидбригада ошақтары жұмыс жасап жатыр», – деді Әлия Әбдіқайымова.

Брифингте Қызылорда қаласында коронавирус инфекциясына шалдыққан екінші науқас туралы да мәлімет берілді. Ол облыс орталығындағы «Ақмешіт» шағын ауданында тұратын 1997 жылы туған азаматша болып шықты. Осы шағын аудандағы «Сенім» емханасында медбике болып қызмет етеді. Шамасы, өзіне келген клиенттерден жұқтырып алса керек. Оның вирусты бірінші жұқтырып әкелген пациент болуы да мүмкін. Айтқандай, оның өзі дәрігер көрінеді.

Жақсылық Абдусәметовтің айтуынша, коронавирус симптомы бар екені анықталған екінші науқастың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық, ыстығы жоқ, тыныс алу жолдары қалыпты, жөтелмейді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button