Ресейде коронавирусты емдейтін үш дәрі жасалды
МӘСКЕУ. 30 наурыз. Ресейде коронавирусты емдеп, жазып шығаратын үш препараттың ойлап табылғаны жарияланды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Ресей Ғылым академиясының вице-президенті, академияның медицина-биология секциясының жетекшісі Владимир Чехонин Ресейде коронавирусты емдейтін үш дәрінің жасалып шығарылғанын жеткізді.
Әңгіме вирусқа қарсы триазавирин препараты жайында болып отыр. Қазіргі сәтте оның ингаляциялық формасы дайын, оны осы респираторлы вирус инфекциясын емдеуге қолдануға болады. Чехонин дәрінің сынақтан өткізуге дайын тұрғанын айтты.
Органикалық синтез институты мен Мәскеудің Зелинский атындағы Органикалық химия институты жапонның вирусқа қарсы фавипиравир препаратының схемасын жасап шыққан. Ол да сынаққа жіберілуге дайын екен.
Чехонин бұлардан басқа фортепрен деген дәріні атап өтті. Оны Гамалей атындағы Эпидемиология және микрообиология ұлттық орталығы мен Органикалық химия институты жасаған. Бұған жануарлардағы коронавирус инфекциясын емдеу үшін қолданылатын фоспренил ветеринариялық препараты негіз етіп алынған. Қазіргі кезде дәрі тіркеуден өту кезеңінде тұр. Осыдан кейін препаратты сынақтан өткізіп, коронавирусқа қарсы қолдануға болады.