Жаңалықтар жаңғырығыРуханият

Коронавирустың кесірінен «Плейбой» жабылатын болды

ВАШИНГТОН. 28 наурыз. Коронавирустың кеңге етек алуынан Американың еркектерге арналған Playboy журналы өзінің қағаз нұсқасынан айырылып қалды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

«Коронавирус Playboy журналының да түбіне жетті. Енді біз оның жалаңаш әйелдің суретін ұсынатын мұқабасын көрмейтін боламыз», – деп атап көрсетті басылым.

Бұдан былай атақты журнал баспа түріндегі вариантымен жарыққа шықпайды. Оның бұлай болатыны туралы әңгіме көптен бері сөз болып келген еді. Ол 2019 жылдан бері тоқсанына бір мәрте ғана жарық көріп келе жатқан. Алайда, оның қағазға басылатын қалпының тоқтайтынын коронавирус бір жола шешіп берді. Басылым басшылығының айтуынша, эпидемияға байланысты қалыптасқан жағдай журналдың дағдарысын тереңдетіп жіберген.

Енді оның көктемгі нөмірі оның тарихындағы соңғы шығарылым болмақ. Бұдан кейін ол желілік басылымға айналады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button