Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Қызылордада вирус жұқтырған бір адам тіркелді

ҚЫЗЫЛОРДА. 28 наурыз. Қызылорда қаласында коронавирус жұқтырып алған бір адам тіркелді. Бұл туралы coronovirus2020.kz дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Қызылордадан коронавирус жұқтырған 1955 жылы туған әйел 1 наурыз күні Кореядан келген ұлты корей жергілікті тұрғын болып шықты. Онда жұмыс бабымен барған. Келген бойда карантинге жатқызылған екен, бірақ ол кезде дәрігерлер оның науқас екенін ажырата алмаған. Кесел әйел «Мерей» шағын ауданында тұрады. Мына суреттерде сол үйдің есігінің алды көрсетілген.

Қазір әйел облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына  басқалардан оқшауландырып жатқызылған. Дәрігерлердің айтуларынша, пациент қазіргі кезде тексерілуде, оның жағдайы содан кейін белгілі болады.

Сөйтіп, осы сағатта тағы 11 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды. Атап айтқанда, Астанадан – 10, Алматыдан 1 адам табылған. Сөйтіп, осы кезге дейін Астана қаласында – 117 адам, Алматы қаласында – 58 адам, Ақмола облысында – 5 адам, Қарағанды қаласында – 4, Алматы облысында – 4 адам, Атырау облысында – 4 адам, Жамбыл облысында – 3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында 1 адам, барлығы 204 адам тіркелді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button