Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болды

ҚЫЗЫЛОРДА. 28 наурыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы «Ақорда» сайты хабарлады.

«Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын» – делінген Жарлық мәтінінде.

Гүлшара Әбдіқалықова 1965 жылы 15 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Сұлутөбе ауылында туған.

1987 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірді, экономика ғылымдарының кандидаты.

Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанда тағайындалған тұңғыш рет әйел облыс әкімі болып отыр.

Г. Әбдіқалыова1987 жылдан 1994 жылға дейін Қызылорда облыстық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас инспекторы, бухгалтерлік есеп және бақылау бөлімінің бастығы, тексеру комиссиясы бөлімінің бастығы болып бастады. 1994-1995 жылдары Жоғарғы Кеңестің халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі комитетінің консультанты болды.

Ол 1995-2003 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде басқарма бастығының орынбасары, зейнетақымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы, әлеуметтік қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, әлеуметтік қамтамасыз ету департаментінің директоры, халықты зейнетақымен қамтамасыз ету және кірістерді реттеу департаментінің директоры болып қызмет атқарды.

2003 жылдың наурыз айынан 2005 жылдың желтоқсанына дейін – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, 2005 жылдың желтоқсан айынан 2006 жылдың қазан айына дейін – «Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы. 2006 жылдың қазанынан 2007 жылдың қазанына дейін – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2007 жылдың қазаннан 2008 жылдың қаңтарына дейін – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы. 2008 жылдың қаңтарынан 2009 жылдың наурызына дейін – Президент кеңесшісі, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы. 2009 жылдың наурызынан 2012 жылдың қыркүйек айына дейін – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы. 2012 жылдың қыркүйегінен 2013 жылдың қарашасына дейін – Президент кеңесшісі, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы.

Сондай-ақ 2013 жылдың қараша айынан 2014 жылдың қараша айына дейін Премьер-министрдің орынбасары, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы, 2014 жылдың қарашасынан 2019 жылдың ақпанына дейін Мемлекеттік хатшы, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы болды.

2019 жылдың ақпаннан бастап 2019 жылдың тамызына дейін – Премьер-министрдің орынбасары, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы.

2019 жылдың тамызынан бастап VI сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болған.

***

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының жарлығымен Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button