АҚШ короновирус тарауынан әлемде бірінші орынға шықты
ВАШИНГТОН. 27 наурыз. АҚШ коронавирус жұқтырып алғандары анықталған адамдары саны жағынан әлемде Қытайды басып озып, бірінші орынға шықты. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Джон Хопкинс университеті елде пандемияға шалдыққандар қатарының 84,5 мың адамнан асып түсіп, 81,3 мың науқасы бар Қытайдан оқып кеткенін есептеп көрсетті. Осылайша бір күннің Құрама Штатттар Қытай мен Италияны артта қалдырды.
Сонымен қатар, АҚШ-та құрбандар саны аталған екі елген қарағанда да, едәуір аз. Мұнда қазірге дейін 1288 адам осы індеттен көз жұмған болса, Италияда – 8215, Қытайда 3298 адам қайтыс болған. Алайда, бұл цифрдың өзін нақты деп санауға болмайды. Себебі, бұлардың есебі қай жерде қалай алынып отырғанын ешкім білмейді.
Сондай-ақ АҚШ пен Италияда ауру жұқтырып алғандар әлі күнге дейін сауыға қойған жоқ. Сондықтан әзірге асығыс шешім шығаруға болмайды.
АҚШ-та ауру жұқтырғандар саны Италияға қарағанда, қатты қарқынмен өсуде, ал Қытайда күн сайын ауруға ұшырағандар Құрама Штаттардағыдай мыңдап саналмайды, тек оншақты адамның маңайынан аспайды.
Бұл жаңалықты естіген Дональд Трамп мұның басты себебі елде жаппай тестілеу жүріп жатқанымен түсіндірді. «Біздің тестілеу жұмыстарының жоғары деңгейде екенін айтуымыз керек деп ойлаймын», – деді ол.