Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Перуліктер індеттен сақтану үшін жарғанаттарды өлтіруде

ЛИМА. 27 наурыз. Перуде жергілікті тұрғындар өз пікірлерінше коронавирусты таратушы болып табылатын жарғанаттарды қырып салуды бастады. Бұл туралы National Geographic хабарлады.

Жергілікті тұрғындардың еліріп кеткендері сондай, тіпті биліктің COVID-19 пандемиясын тудырған SARS-CoV-2 гені адамдар болып табылатынын келтірген дәлелдеріне де құлақ асатын емес.

National Geographic хабарлағандай, Жабайы ормандар мен құстар ұлттық қызметінің қызметкерлері (SERFOR) Кахамарка солтүстік аймағындағы шаруалар өртеп жіберу үшін ұстап алған 200-ге жуық жарғанатты құтқарып қалған. Олар құстарды елді мекеннен алыс жердегі үңгірге апарып жіберген.

SERFOR-тағылаар жарғанаттардың адамдарға пайдалары болуы мүмкін екенін, себебі, бұл құстардың жан-жәндіктің 70 пайызын жейтінін, ал олардың біразы ауыл шаруашылығына зиян келтіретін және денге вирусы мен басқа да ауруларды тарататын жәндіктер екенін айтып түсіндіруде.

«Біз пандемияға байланысты жағдайды бұрмаламауымыз керек. Жарғанаттар біздің жауымыз емес», – делінген SERFOR мәлімдемесінде.

Ұйым қызметкерлері сонымен қатар жарғанаттың және басқа да жабайы аңдардың еттетін тамаққа пайдаланбауға кеңес берді

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button