Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік
Қазақстанда коронавирустан бірінші адам көз жұмды
АСТАНА. 26 наурыз. Бүгін Қазақстанда коронавирус індетінен бірінші адам қайтыс болды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев өзі берген брифингтен осы жайында әңгімелеп берді.
«Өкінішке орай, бүгін Қазақстан азаматы коронавирус сырқатынан көз жұмды. Марқұмның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Қаза бәріміздің қабырғамызды қайыстырды», – деді ол.
Министр ертең қалалық денсаулық сақтау басқармасы оның медициналық көрсеткіші бойынша толық ақпарат беретіндігін қоса айтты.
Дәурен Абаев дәрігерлердің оқшаулану, байланысқа түспеу, карантин мен төтенше жағдайды сақтау туралы барлық талаптары мен нұсқауларын орындау қажеттігін тағы бір мәрте еске салды.