АймақЖаңалықтар жаңғырығы
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 79-ға жетті
АСТАНА. 25 наурыз. Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған адамдар саны 79-ға жетті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Агенттік бүгін кеселді жұқтырып алған тағы 7 адамның анықталғанын жазды. Бұлардың бесеуі – елордада, екеуі Алматыда тіркелген.
Осылай 25 наурыз күні таңертеңгі 9:40-тағы мәлімет бойынша, осы кезге дейін Астана қаласында – 41, Алматы қаласында – 31, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Шымкент қаласында – 1, Жамбыл облысында -1, Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам, жалпы саны 79 науқас тіркеліп отыр.