Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Президент: Сары уайымға салынуға болмайды

АСТАНА. 25 наурыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

«Азаматтарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамын. Сары уайымға салынуға болмайды. Көңіліміз көтеріңкі болып, жарқын болашаққа сенуіміз керек. Басты тойларымыз әлі алда. Коронавирусқа шалдыққандарға қажетті ем жасалады. Азаматтарға, бизнеске материалдық қолдау көрсетіледі», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Ұлттық биотехнология орталығында болып, коронавирусты аз уақытта анықтайтын тест жүйесімен танысқан болатын.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button