ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Дәрігер өзінің коронавирустан қалай жазылғанын айтты

ЛОНДОН. 23 ақпан. Ұлыбританиядағы король колледжінің басшысы, доктор Клэр Герада өзінің коронавирусты қалай жеңіп шыққанын әңгімелеп берді. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Mail Online-ның хабарлауынша, Клэр Герада өзінің жұмыс сапарымен Нью-Йоркке барған кезінде қалай COVID-19 кеселін жұқтырып алғанын және онымен қалай күрескенін айтып берген. Ол мұнда өзінің сауығып кетуіне әсер еткен үш түрлі қарапайым ғана тәсілді қолданғанын жеткізген.

Жасы 60-тағы Герада ханым үйіне келгеннен кейін ауырып қалғанын сезінген. Сонда құрғақ жөтел, шаршаңқылық, тамақтың ауыруы, дененің қалтырауы, қалшылдау сияқты симптомдарға ұшыраған.

«Мен өзімнің коронавирус жұқтырып келгенімді бірден білдім, – дейді дәрігер. – Бұрын ешқашан бұлай қатты ауырып көрмеген едім. Бұл кезде елде тұмаудың мерзімі де өтіп кеткен. Мен сосын тест тапсырдым. Ол менде COVID-19 кеселінің бар екенін анықтап берді».

Клэр Герада бірінші кезекте өзін өзі оқшаулау жөніндегі кеңеске құлақ асады. Сөйтіп, ешқайда шықпай, ешкіммен байланыс жасамай, үй жағдайында емделуге ден қояды. Оның мұндағы емі де барынша қарапайым болады. Ханым негізінен қолдан сойылған тауықтың сорпасын іше береді. Мұны дәрігер құрамында табиғи пенициллин бар керемет ауқат деп санайды. Бұл оның әлсіздігін жоюға көмектеседі. Соның арқасында тәбет те оянады. Дәрігер, бұдан бөлек, күніне үш рет екі түйір парацетамол ішіп тұрады. Ал соңынан өзі қолдан жасаған лимонадты көптеп ішіп жүреді.

«Тауық сорпасы, парацатематол және сұйық сусынның ерекше көптігі мені вирустың қыспағынан алып шықты», – деп есептейді дәрігер Герада.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button