Өзбекстанда індетке байланысты 2 мың мекеме жабылды
ТАШКЕНТ. 22 наурыз. Өзбекстанда коронавирустың тарауына байланысты 2 мыңға жуық тренажер залдары, фитнес-залдар, түнгі клубтар, караоке клубтары, балалар ойындары және компьютер залдары, массаж салондары мен сауналар жабылды. Бұл туралы CentralAsia хабарлады.
Бұдан алдын, 19 наурызда Өзбекстанда бірқатар көпшілік орындарының жұмыстары уақытша тоқтатылғаны хабарланған еді. Олардың қатарында массаж салондары, дискотекалар мен барлар, сондай-ақ балалар ойындары және компьютер залдары болды.
Мемлекеттік салық комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда бүкіл елде ойын-сауық бағытындағы 1924 мекеме жабылған. Бұлардың арасында Ташкенттен – 427, Әндіжан облысынан – 231, Самарқанд облысынан – 187, Қарақалпақстаннан 142 сондай мекеме бар.