ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Түркияда 65-тен асқандарға көшеге шығуға тыйым салынды

АНКАРА. 22 наурыз. Түркияда бүгін жексенбіге қараған түні сағат 00:00-ден бастап жастары 65-тен асып кеткене кісілердің көшеге шығуларына тыйым салынды. Бұл туралы «Хурриет» газеті хабарлады.

Мұның бері елде коронавирус індетінің тарап кетуіне тоқтау салу мақсатында жасалып жатыр.

«Жексенбіге қараған түні сағат 00:00-ден бастап жастары 65-тен асқандарға, сондай-ақ созылмалы сырқаттары бар кісілерге көшеге шығуға, парктерде қыдыруға, бақтар мен сондай ашық алаңдарда жүруге тыйым салынады», делінген хабарламада.

Қазіргі кезде Түркияда 670 пациенттің коронавирус жұқтырып алғаны белгілі болып отыр. Солардың 9-ы қайтыс болған.

Елде барлық мектептер жабылған, жұрттың мешіттерге баруларына тыйым салынған. Кафелер мен барлар жұмыс істемейді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button