ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы
Қарағандыға қонған ұшақтағы екі жолаушы індет шықты
ҚАРАҒАНДЫ. 22 наурыз. Наурыз мерекесі қарсаңында қытай текті коронавиторус індетінің жайылған ареалы қатарына Қарағанды қаласының да кіріп кеткені белгілі болды. Бұл туралы «Экспресс К» хабарлады.
«Вирус Минск – Астана арасындағы рейспен ұшып келген екі жолаушыдан табылды, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ержан Нұрлыбаев. – Аталмыш борт 18 наурыз күні Астанада карантин жариялануына байланысты Қарағанды аэропортына келіп қонды. Кездесу санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң орындалуы жағдайында өтті».
Атап айтқанда, келіп түскендерді алып кететін автобус бірден ұшақ трапына апарылды, ал ұшақ салоны мұқият зерттеуден өткізілді.