Мамин: Bek Air қызметкерлерінің апатқа кінәсі жоқ
АСТАНА. 22 наурыз. Қазақстан Үкіметінің басшысы Асқар Мамин орын алған авиаапатқа Bek Air қызметкерлерінің ешбір кінәсі жоқ екенін, кінәнің бәрі жұмыс берушілерде екенін мәлімдеді. Бұл туралы «Экспресс К» хабарлады.
«Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қатынасына байланысты қайғылы оқиғаны зерттеу жөнінде арнайы комиссия құрылды. Зерттеу қорытындысы бойынша, еңбек қатынасына байланысты топтық қайғылы оқиғадағы кінәлі тараптардың деңгейі анықталды: ол қызметкерлерде – 0%, жұмыс берушілерде – 100%», – деп жауап берді депутаттық сауалға орай.
Премьер-министр жұмыс берушілерге қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына қажетті қамсыздандыру төлемдерін төлек жөнінде қамсыздандыру компанияларына хабарласу жөнінде тапсырма берілгенін айтты.
Бүгінгі күнге дейін атқарушы органдар зардап шеккендерге тұрғылықты жерлеріне қарай 46 млн теңге материалдық көмек берілгенін жеткізді,
Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.