Жамбыл облысында болған жол апатында 7 адам қаза тапты
ТАРАЗ. 17 қыркүйек. Жамбыл облысының автожолдары бойында жеті адамның өмірін жалмаған жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл туралы turkystan.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Қанды қырғынға себеп болған оқиға кеше кешқұрым, 16 қыркүйек күні сағат 18:30 шамасында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңызы бар автожолының 526-шақырымында тіркелді.
Жамбыл облысы ПД мәліметінше, «Cadillac Escalade» маркалы көлігінің жүргізушісі алдыңғы көлікті басып озып, қарсы бағытқа шығып кетуі салдарынан сол жол табанында келе жатқан «DAF» маркалы жүк көлігіне барып соққан. Соның нәтижесінде «Cadillac Escalade» көлігі өз жолағына ұшып түсіп, жол бағыттағы «Газель» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Сол бойда екі көлік те бірден отқа оранған.
Оқиға орнында «Газель» автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі, «Cadillac Escalade» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі және оның 5 жолаушысы тір тартпай кеткен. Аяқ астынан ажал құшқандар қатарында 2 жасар сәби де бар.
Байқалып тұрғандай, үш көліктің қатысыумен болған апаттың айыпкері Cadillac Escalade» маркалы көлігінің жүргізушісі болып отыр.
Қазір аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.