«Шеврон» компаниясы Қазақстанның энергия көздеріне инвестиция салады
АЛМАТЫ. 18 қыркүйек. «Шеврон»жеке компаниясы Қазақстанның жаңарьылатын қуат көздеріне инвестиция салатыннын мәлімдеді. Бұл туралы өз мәнбесіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Бүгін «Chevron Direct Investment Fund Ltd.» жеке компаниясы (CDIF) Маңғыстау облысында жаңартылатын энергия көзін өндіруші компания «КТ Редкометальная компания» БК» ЖШС-мен 19 миллион АҚШ доллары сомасын құрайтын инвестициялық келісімшарт жасасты.
Компанияның Еуразия бөлімшесінің БАҚ-пен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Айнұр Сағынбайқызының айтуынша, осы инвестиция мұнайлы түбекте орналасқан үш жел электр станциясын біріктіруге жұмсалмақшы. Осылайша Форт-Шевченко, Сервиc және Жаңғыз жел электр станциялары бір-бірімен қосылады. Келісімшарт аймақтағы жалпы қуаты 58,6 мегаватт электр энергиясын өндіретін жел электр станцияларының ең үлкен тобын құруға бағытталған.
«КТ Редкометальная компания» БК» ЖШС қазіргі уақытта Маңғыстау облысындағы жаңартылатын энергия көздерінің ең ірі өндірушісі болып табылатын Форт-Шевченко ЖЭС-нің тиімділігі мен электр энергиясын өндіру қуатын арттыру мақсатында оны толықтай жаңғыртудан өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, «КТ Редкометальная компания» БК» ЖШС жаңартылған өндірістік техникалық талаптарға сәйкес болу үшін негізгі өндірістік қызметкерлер саны арттырылмақшы.
«Қазақстан Республикасының көміртек шығарындыларын азайту бағытындағы міндеттемелерін орындауда демеу болатын, жаңартылатын энергия көзін өндіретін жел электр станцияларына инвестиция салатындығымыз туралы қуанышпен хабарлаймыз. Мұндай бастама экономиканы көтеруге, жұмыс орындарын ашуға, жергілікті бизнесті қолдауға және тұрақты дамуды ілгерілетуге септігін тигізеді», – деді осы орайда Қазақстан Республикасының Энергетика министр Алмасадам Сатқалиев.
«КТ Редкометальная компания» БК» ЖШ сенімді бизнес жоспарын ұсына отырып, Қазақстан экономикасына елеулі экономикалық және әлеуметтік ықпал ету қабілетін көрсете білді. Сондай-ақ, компания CDIF-тің барлық іріктеу критерийлеріне сәйкес келді.
«Қазақстан Республикасымен стратегиялық серіктестігіміз отыз жылдан астам уақыт көлемінде жалғасуда, осы бір маңызды меже біздің халыққа, серіктестікке және іскерлік көрсеткіштерімізге деген адалдығымызды көрсетеді. Біз елдің жасыл энергияға көшу және көміртегі шығарындыларын азайтуда маңызды рөл атқара алатынымызға сеніміміз зор. «КТ Редкометальная компания» БК» ЖШС-не инвестиция салу арқылы біз қолжетімді, сенімді әрі таза энергияны қамтамасыз етуге өз үлесімізді қосып, біздің өнімді пайдаланатын салалар мен клиенттерімізге көміртегі шығарындыларын азайту мақсатына жетуде қолдау көрсетеміз деп сенеміз», – деді «Chevron Direct Investment Fund Ltd.» жеке компаниясының басқарма төрағасы Дэймон Торнберг.
Компания жергілікті өндірістерді дамыту мақсатында Қазақстанда тиімді инвестициялық мүмкіндіктерді іздеуді жалғастырады. Әлеуетті кәсіпорындарды іріктеу критерийлерінің тізбесін, инвестициялық процестің сипаттамасын, қаржыландыруға өтінім беру нысанын және толығырақ ақпарат алу үшін CDIF-тің www.cdif.kz веб-парақшасына өтуге шақырады.
«Шеврон» – дүние жүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Ол мұнай мен табиғи газ шығарады, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен өнеркәсіпті жетілдіретін технологияларды дамытады.
«Біздің мақсатымыз мұнай және газ саласындағы дәстүрлі бизнесімізді дамыту, қызметіміздегі көміртек шығарындыларын азайту және әдеттегі бағыттарымызбен қатар жаңғырмалы отын, сутек өндірісі, көміртекті ұстап қалу, оффсетті пайдалану және басқа технологиялар сияқты бизнестің жаңа төмен көміртекті бағыттарын дамыту. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады», – деп атап көрсетті Айнұр Сағынбайқызы.