Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Париж: Өзбекстан құрамасы Паралимпиадада үшінші алтын медалін жеңіп алды

ПАРИЖ. 31 тамыз. Өзбекстандық жеңіл атлет Элбек Султонов Парижде өтіп жатқан Паралимпиялық ойындарда ядро лақтыруда алдына жан салмай, өз елі құрамасы қоржынына үшінші алтын медальді салды. Бұл туралы Kun.uz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Париж Паралимпиадасида Ўзбекистон делегацияси навбатдаги олтин медалга эга чиқди. F12 классида ядро улоқтириш бўйича финалда иштирок этган ўзбекистонлик Элбек Султонов 16.45 метр натижа билан олтин медални қўлга киритди», – деп жазады өзбекстандық интернет басылым.

Парижде өтіп жатқан Ойындарда Өзбекстанның паралимпиялық терма жамоаты осылайша кезекті, үшінші алтын жүлдесіне қол жеткізді. Оны F12 дәрежесі бойынша ядро лақтыру сынына түскен пара-атлет Элбек Султонов әкелді. Ол сайыс қорытындысында ядроны 16,45 метрге түсіріп, тұғырдың ең биік сатысына табан тіреді.

Қазір Өзбекстан делегациясының қоржынында барлығы 3 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль бар. Медальдар есеп-қисабы бойынша өзбек елінің командасы 7-орында келеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы паралимпиадада әзірге 1 күміс медальды қанағат тұтып тұр. Оны R1 класында 10 метрге нысана көздеуде 247, 7 ұпай жинаған мерген Еркін Ғаббасов жеңіп алған-ды.

 

XVII жазғы Паралимпиялық ойындары. Париж. Медальдар есебі

О Құрамалар аты Алтын Күміс Қола Барлығы
1   Қытай 14 9 5 28
2   Ұлыбритания 6 6 4 16
3   Бразилия 5 1 9 15
4   Нидерланд 4 1 1 6
5   Аустралия 3 3 3 9
6   Италия 3 2 8 13
7   Өзбекстан 3 2 2 7
8   (Ресей – тусыз) 2 5 6 13
9   Франция 2 5 5 12
10   Корея 2 2 4 8
11   Колумбия 2 1 1 4
12   Тунис 2 1 0 3
13   Испания 2 0 6 8
14   (Беларусь – тусыз) 2 0 0 2
15   Израиль 2 0 0 2
16   АҚШ 1 7 0 8
17   Украина 1 6 4 11
18   Түркия 1 3 2 6
19   Жапония 1 3 2 6
20   Үндістан 1 1 2 4
21   Чехия 1 1 1 3
22   Бельгия 1 1 0 2
23   Моңғолия 1 1 0 2
24   Польша 1 0 3 4
25   Дания 1 0 2 3
26   Әзербайжан 1 0 1 2
27   Швейцария 1 0 1 2
28   Болгария 1 0 0 1
29   Мажарстан 1 0 0 1
30   Перу 1 0 0 1
31   Сингапур 1 0 0 1
32   Словения 1 0 0 1
33   Иран 0 3 0 3
34   Мексика 0 1 3 4
35   Алмания 0 1 1 2
36   Гонконг 0 1 0 1
37   Индонезия 0 1 0 1
38   Ирландия 0 1 0 1
39   Қазақстан 0 1 0 1
40   Жаңа Зеландия 0 1 0 1
41   Сербия 0 1 0 1
42   Канада 0 0 4 4
43   Таиланд 0 0 3 3
44   Аргентина 0 0 2 2
45   Мағриб 0 0 2 2
46   Аустрия 0 0 1 1
47   Грекия 0 0 1 1
48   Сакартвело 0 0 1 1
49   Тайпей​ 0 0 1 1
50   Непал 0 0 1 1
51   Норвегия 0 0 1 1
52   Чили 0 0 1 1

 

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button