18 Қазан, 20:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бокс: Қазақстан құрамасында капитан алмасты, салмақ ауыстыру да болады

17 Қыркүйек 2024 20:38
- Жаңалықтар, Сайыс
Бокс: Қазақстан құрамасында капитан алмасты, салмақ ауыстыру да болады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 17 қыркүйек. Бокстан Қазақстан құрамасының тұғырына жаңа капитан қонды, сонымен бірге бірнеше спортшының салмақ ауыстыратыны да белгілі болды. Бұл туралы 1bol.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бокстан Қазақстан командасының жаңадан тағайындалған бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов құраманың капитаны алмасқанын айтты.

Бүгін Қазақстан бокс федерациясының ресми парақшасында Айбек Оралбайдың жаңа капитан болып сайланғаны жарияланды. Бұған дейін бұл міндет Асланбек Шымбергеновке жүктеліп келген еді. Сөйтіп, Париж Олимпиялық ойындары бокс турнирінің бірінші жекпе-жегінде-ақ «ұшып» кетіп, онысының себебін «Алланың қалауына» жаба салмақшы болған атлеттің мойнынан топ лидері болу жауапкершілігі алынды.

Еске сала кетейік, Олимпиадада 71 келіге дейінгі салмақта рингке шыққан Асланбек Шымбергенов  28 шілде күні иорданиялық Зейад Ешайшқа 2:3 есебімен есе жіберді. Осылайша өзі бұрын бір рет жеңген боксшысынан ерік-жігері кемдігі мен енжарлығынан ойламаған жерден ұтылып қалған.

«Кеше команда өкілдерімен жиналыс өткіздік. Ұлттық құрама мүшелері түгел қатысты. Жаңа маусым алдындағы жоспарларымызды бөлісіп, жыл соңына дейінгі турнирлерді талқыладық. Жиын соңында команда мүшелері жаңа капитан сайлады. Жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы, Азия чемпионы Айбек Оралбай осы міндетті өзіне алды. Соңынан өзі де сөз алып, алдағы жарыстарда ел намысын абыроймен қорғауға уәде берді», – деді Қайрат Сәтжанов бұдан әрі.

Қазақстандық боксшылар алдағы уақытта Азия чемпионатында бақ сынайды. Оған дейін Шымкенттегі халықаралық турнирге қатысу да жоспарланған.

Сонымен бірге, құрамадағы кейбір боксшылардың салмақ дәрежелерін алмастыратыны да айтылды.

«Азия чемпионатына ең мықты деген боксшыларды апарамыз. Құрлық додасы қарсаңында біраз боксшының салмақ дәрежесі ауыспақ. 48 келіде Санжар Тәшкенбай мен Теміртас Жүсіпов, 51 келіде Сәкен Бибосынов пен Дамир Әбдіхалықов арасында өзара мықты атанған боксшыларға басымдық береміз. Махмұд Сабырхан да 54 келіде күш сынап көретінін айтты. Серік Теміржанов 60 келіге, Айбек Оралбай +92 келіге ауысып жатыр. Қамшыбек екеуін бақылаймыз, егер Қоңқабаевтың салмағы аздау боп жатса, 92 келіге түсірерміз.Мұның бәрі алдағы уақыттың еншісінде. Салмақ бойынша осындай жаңалықтар бар» – деді бас жаттықтырушы.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Махмұд Сабырхан 57 келіде, Айбек Оралбай 92 келіде сынға түскен болатын.

Суретте: Айбек Оралбай

Таңбалар: Айбек Оралбайбоксқұрама

Ұқсас мақалалар

Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі
Жаңалықтар

Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

16.10.2026
«Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?
Жаңалықтар

«Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

06.10.2026
Боксшы Оралбай Азиада-2026-да командаға екінші алтын медаль алып берді
Жаңалықтар

Боксшы Оралбай Азиада-2026-да командаға екінші алтын медаль алып берді

02.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist