18 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Солтүстік өңірлерге қоныс аудару шарасында 1 млрд теңге ұрланған

12 Қыркүйек 2024 20:11
- Жаңалықтар, Құқық
Солтүстік өңірлерге қоныс аудару шарасында 1 млрд теңге ұрланған
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 12 қыркүйек. Елде солтүстік өңірлерге қоныс аудару бағдарламасы бойынша 1 миллиард теңгеден аса қаржының қолды болғаны анықталып отыр. Бұл туралы Nur.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Елдегі солтүстік өңірлерге қоныс аудару бағдарламасы бойынша 1 млрд теңгеден астам қаражат жымқырылғаны анықталды. Бас прокуратура мәліметінше, жалған құжаттар мен адамдарды пайдалана отырып, қоныс аудару бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы теріс пайдаланылған. Бұл фактілер бойынша 20 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталып, кінәлілерді жауапкершілікке тарту және залалды өтеу шаралары қабылдануда», – дедінген хабарламада.

Бас прокуратура мәліметінше, прокуратура органдары азаматтарды оңтүстіктен солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасын іске асыруға бөлінген мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына талдау жүргізген. Осылайша, жалған құжаттарды пайдалана отырып, азаматтарды жалған қоныс аудару жолымен 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқыру және оны теріс пайдалану фактілері анықталды. Қоныс аударушылар болып жалған адамдар есепке алынған, ал құжаттар төмен бағамен сатып алынған көрінеу тұруға жарамсыз немесе апатты ғимараттарға рәсімделген.

Бас прокуратура кейбір жағдайларда азаматтар өздерінің құжат бойынша қоныс аударылғанын білмегенін де хабарлады. Мұндай фактілер Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында анықталған.

«Мысалы, Павлодар облысының Успен ауданында «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің қызметкері арзан үйлерді тауып, қоныс аударушыларға жоғары бағамен сатуды ұсынып, мемлекеттен алынған қаражаттың бір бөлігін өзіне қалдырып отырған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, орталықтың қызметкері үйқамаққа алынды. ШҚО-да қоныс аударушылар мен сатушылар арасында сөз байласу жағдайлары анықталды, олар мемлекеттік көмекті алу үшін жалған шарттар жасап, одан кейін бұл қаражатты бөліскен. Одан әрі азаматтар бұрынғы мекенжайларында тұра берген», – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысының Мәмлүт ауданында қоныс аударушы үйдің нақты бағасы мен мемлекеттен төленген қаражаттың арасындағы айырмашылықты иемденіп алғаны белгілі болды. Күдікті алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығынан шектелді.

Жалпы прокурорлар 20 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін бастады. Тергеу барысында қатысы бар барлық адамдарды анықтау, оларды жауапкершілікке тарту, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу шаралары қабылдануда. Нормативтік актілердегі олқылықтарды жоюжәне бағдарламаны іске асыруды бақылау жүйесін күшейту мақсатында Үкіметке қадағалау актісі енгізілді.

Таңбалар: жемқорлықкөші-қонсолтүстік өңірлер

Ұқсас мақалалар

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Әлия Мақаеваның қамалғанын расқа шығарды
Жаңалықтар

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Әлия Мақаеваның қамалғанын расқа шығарды

01.08.2026
Үш министрлік Қазақстандағы көші-қон саясатын қатаңдатуға кірісті
Әлеумет

Үш министрлік Қазақстандағы көші-қон саясатын қатаңдатуға кірісті

10.07.2026
Алматының экс-әкімі элиталық жерлерді сатып, мемлекетке 80 млрд теңге зиян келтірген
Жаңалықтар

Алматының экс-әкімі элиталық жерлерді сатып, мемлекетке 80 млрд теңге зиян келтірген

25.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist