Украин дрондары шабуылынан соң Тверь өңірінде эвакуация жарияланды
ТВЕРЬ 18 қыркүйек.. Ресейдің Тверь облысына Украина шабуыл жасап, оқ-дәрі қоймасының күлін көкке ұшырғаннан кейін аймақта жұртты көшіру басталды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
18 қыркүйекке қараған түні Украинаның ұшқышсыз ұшқыштары Тверь облысының Торопец қаласындағы әскери бөлімге шабуыл жасады. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері дрондарды атып түсірді, бірақ олардың сарқыншақтары құдаған әскери нысан аумағында күшті жарылыс орын алумен берге өрт шықты.
«Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Тверь облысының губернаторы Игорь Руденя халықты әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері жұмыс істеп жатқан және өртті ауыздықтап жатқан аумақтан жартылай эвакуациялау туралы шешім қабылдады».,– деп хабарлады аймақтық үкімет.
Осыдан кейін Торопец тұрғындары көршілес Батыс Двина қаласына жеткізіле бастады. Сондай-ақ жергілікті билік 18 қыркүйекте Тверь облысының Западнодвинск ауданында балабақшалар мен мектептер жұмыс істемейтінін мәлімдеді.
Торопец – Тверь облысының ең батыс қаласы және облыс орталығынан ең шалғай орналасқан елді мекен. 2021 жылы онда 11,4 мың адам тұрған.
Торопецте 54169 әскери бөлімшесі орналасасқан, бұған дейін украин ұшқышсыз ұшақтары екі рет шабуыл жасаған. Атап айтқанда, 29 маусым күні таңертең Торопецке екі дрон ұшып келіп, әскери бөлім аумағында жарылған. Бұған дейін 5 мамырда бір ұшқышсыз ұшақ әскери нысанның үстінде атып түсірілген.