Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай жариялады

АСТАНА. 15 наурыз. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында коронавируске байланысты төтенше жағдай енгізді. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Мемлекет басшысының бұл жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Президент Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Конституцияның 44-бабының 16) тармақшасына және «Төтенше жағдай туралы» Заңның 4, 5, 6-баптарына қаулы қабылдады. Онда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында республиканың барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздағы 8 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 7 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілетіні атап көрсетілген.

Төтенше жағдайдың кезеңінде Президент жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда құру және оған «Төтенше жағдай туралы» Заңда көзделген өкілеттіктер беру тапсырылды. Төтенше жағдайдың күшінде болу кезеңінде қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын нысандардың, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нысандардың күзетілуін күшейту, ірі сауда нысандарының жұмыс істеуіне шектеу қою, сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың қызметін тоқтата тұру, карантин енгізу, санитариялық-эпидемияға қарсы ауқымды іс-шараларды, оның ішінде Қорғаныс министрлігінің және ішкі істер органдарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен жүзеге асыру жүктелді, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button