Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Қазақстанда той-томалақ өткізуге тыйым салынды

АСТАНА. 15 наурыз. Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында той-томалақ өткізуге тыйым салынды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұны өзінің елде төтенше жағдайдың жарияланатыны туралы Жарлығында атап көрсеткен.

«Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынсын», – делінген Президенттің Жарлығында.

Айта кетсек, бүгін Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді.

Жарлыққа сәйкес ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы тоқтатылып, Қазақстанға келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда, ел аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button