Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Саудия Беларусьті Ресейге тәуелділіктен құтқарады

МИНСК. 15 наурыз. Сауд Арабиясы Беларусьті Ресейге мұнайдан тәуелділіктен құтқарады. Бұл туралы udf.by хабарлады.

Өткен жылдың соңынан бері Ресей мен Беларусьтің арасында жалғасып келе жатқан мұнай жанжалының фонында Сауд Арабиясы Минскіге «сұйық қара алтынды» айтарлықтай арзан бағаға беруге ұсыныс жасауға шешім қабылдады.

Белорус мұнай компаниясы өкілінің айтуынша, республика өткен жылдың соңынан бері Эр-Риядпен және басқа да баламалы мұнай жеткізушілермен байланыс орнатып, келісімге келуге әрекеттеніп жатыпты. Осылайша Минск өзінің мұнай өңдеуші зауыттарын сақтап қалмақшы болған екен. Сонда Лондонда өткен соңғы кездесу кезінде корольдік Беларуське «өте тамаша баға» ұсыныпты.

Мәнбе егер Ресеймен келісімге келу мүмкін болмай жатса, Беларусьтің баламалы жеткізіп берушілерден мұнай сатып алу жөніндегі келісімді жалғастыра беретінін айтты.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button