Аралда «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

АРАЛ. 20 қараша. Бүгін Арал ауданында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуына кірісті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Департементте осыған орай «Дабыл-1001», «Қарғын-2002» шартты белгісі қабылданып, ол туралы облыстың басқару органдарына жеткізілді.
Сағат 15:00-де Арал ауданы әкімі аппараты ғимаратының мәжіліс залында Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары, полковник Бекболат Әбдіқадыровтың, Арал ауданы әкімінің орынбасары Нұрахмет Бохаевтың және облыстағы азаматтық қорғау қызметтері өкілдерінің қатысуымен жиын өткізілді.
Оның барысында өңірдегі азаматтық қорғау қызметтерінің «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындықтары сарапқа салынды. Арал ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Айдос Сыдықовтың жаттығуды өткізуге дайындығы туралы баяндамасы тыңдалды.
Жиынды Қызылорда облысының ТЖ департаменті бастығының орынбасары, полковник Бекболат Әбдіқадыров қорытындылады.







