АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Азаматтық қорғау қызметтері техникаларының дайындығы тексерілді

АРАЛ. 20 қараша. Арал ауданында Қызылорда облысына қарасты азаматтық қорғау қызметтері техникаларының саптық қарауы өткізілді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаментінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

​Бүгін сағат 16:30-да «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында Арал ауданының тұсынан өтетін «КАZ-06» «Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент» тас жолының бойында орналасқан «ҚАЖсервис» ЖШС Қызылорда облыстық филиалы №49 жол пайдалану учаскесінің ауласында облыстағы азаматтық қорғау қызметтерінің техникаларының саптық қарауы өткізілді.

​Аталған іс-шараға Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары, полковник Бекболат Әбдіқадыров, Арал ауданы әкімінің орынбасары Нұрмұхамет Бохаев қатысты. Онда сала мекемелері техникаларының жай-күйі, сапасы, жарамдылығы сыннан өтті, азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы тексерілді. Жалпы, мұнда облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің 185 адамы мен 46 техникасы қамтылды.

​Соңынан «Үзіліс-3003» шартты белгісі қабылданып, облыстың басқару органдарына жеткізілді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button