Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Ашығу обыр жасушаларын өлтіруге көмектеседі

МӘСКЕУ. 14 наурыз. АҚШ-тағы Джонс Хопкинс жеке меншік университетінің ғалымдары обыр жасушаларын (раковые клетки) жойып жіберетін жаңа тәсіл тапты. Бұл туралы lenta.ru хабарлады.

Анықталғанындай, қандағы холестерин деңгейін төмендетуге арналған статина дәрі-дәрмектері қатерлі ісікті ашығуға мәжбүр ететін болып шықты.

Зерттеушілер PTEN геніндегі мутациялы бар жасушаларды жоюда қайсысының тиімділігі жоғары болатынын анықтау мақсатында азық-түлік өнімдері мен медикаменттің сапасына санитарлық бақылау жасау басқармасы мақұлдаған 2,5 мыңға жуық дәрі-дәрмекке анализ жасап шыққан. Нәтижесінде статиндердің, соның ішінде питавастатиннің обырмен күресуге қабілетті екені анықталған.

Статиндер жасушалы белоктардың жасушалы мембраналармен байланысына жауап беретін геранилгеранил пирофосфат (GGPP) молекулаларының пайда болуына мүмкіндік бермейді. GGPP статиндердің тиімділігін жойып, обыр жасушаларының өсуіне жол ашады. Егер пирофосфат синтезіне жауап беретін ферменттерді басып тастаса, PTEN мутациялы обыр жасушалары өзінің қозғалуын тоқтатып, өсуге керекті қоректік заттарын жұтып жібереді. Бұл олардың ашығып, жойылып кетуіне апарып соқтырады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button