Футболдан 2034 жылғы әлем чемпионаты Сауд Арабиясында өтетін болды
ЖЕНЕВА. 4 қараша. ФИФА президенті Джанни Инфантино футболдан 2034 жылы өтетін әлем чемпионатының кезегі Сауд Арабиясына берілгенін жариялады. Бұл туралы Oxy.az дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мұндай шешім Австралия сайлауға қатысудан бас тартқаннан кейін шығарылып отыр.
Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантино осының жайын Instagram-ға жазды. Австралия өзінің өтінімін адғаннан кейін Сауд Арабиясы мундиалды өткізуге үміткен жалғыз ел болып қалған.
«2026 жылғы ұлы шоу Солтүстік Америкада – Канада, Мексика және АҚШ жерлерінде ұйымдастырылады, – деп жазды Инфантино. – Бұдан кейінгі екі чемпионаттың 2030 жылғы біріншісі Африка (Марокко) және Еуропа (Португалия, Испания) құрлықтарында өтсе, үш матч Оңтүстік Америкада (Аргентина, Парагвай, Уругвай) ойналады, ал 2034 жылғы екіншісі Азияда (Сауд Арабиясы) жалау желбіретеді. Үш чемпионат бес құрлық пен 10 мемлекетте өтіп, ұлан-асыр футбол мерекесіне айналады».
Әлем чемпионаттарын ұйымдастырушылар аттары ФИФА-ның 2024 жылдың соңында өтетін конгресінде ресми түрде жария етіледі.
Сауд Арабиясы Азия футбол конфедерациясының мундиалды қабылдаған төртінші өкілі болғалы тұр. Бұл турнирді 2002 жылы Жапония мен Корея бірігіп өткізсе, 2022 жылы әлем біріншілігі Катарда қанат жайған еді.