Италияда коронавирустан бір тәулікте 250 адам өлді
РИМ. 14 наурыз. Италияда наурыздың 13-і күні бір тәулікте коронавирустан 250 адам қайтыс болды. Бұл туралы lenta.ru хабарлады.
Жұма күні Азаматтық қорғаныс департаментінің бастығы Анджело Борелли коронавирус індеті тарағалы бері Италияда одан жантәсілім еткендер санының 1266 адам болғанын мәлімдеді.
Бейсенбі күні COVID-2019 пневмониясынан қаза тапқандар саны 1016 адамға, жұма күні 1266 адамға жетті.
Қазір аталмыш кеселді жұқтырғандар қатары 17 600 адамға барып отыр. Бұлардың 1439-ы емделіп шыққан.
Италия – коронавирустың Еуропадағы ең үлкен ошағы. Ел билігі вирус пандемиясы салдарынан Ломбардия аумағын (облыс орталығы – Милан қаласы) жапты. Сондай-ақ тағы 14 провинция коронавирустың тараған аймағы болып отыр.
Боррелли қайтыс болғандардың орташа жасының 80-нен жоғары болып отырғанын айтады.