Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Сот «әйелін ұрды» деп айыпталған Ашығалиевті ақтады

АЛМАТЫ. 14 наурыз. «Бұрынғы әйелі Ксенияны өлтіремін деп қорқытты, заңсыз бостандығын шектеді» деген айып тағылған Бауыржан Ашығалиев ақталды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

«Қылмыс құрамының жоқтығы себепті Ашығалиев ақталуға жатады», – деді судья Иманқұлов.

Судьяның айтуынша, куәгерлер мен жәбірленушінің сөздерінің дәлелдері жоқ.

Сот Ашығалиев Бауыржанды кінәсіз деп танып, дәлелдердің болмауынан ақтау туралы үкім шығарды. Үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы да жойылды.

Сондай-ақ, сот Бауыржан Ашығалиевті қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартқан Алматы полиция департаментінің бастығына қатысты жеке қаулы шығарды.

Жарыссөзде прокурор Бауыржанды 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады, ал адвокат керісінше оның іс-әрекетінде қылмыс құрамының жоқтығына байланысты оны ақтауды сұрап еді.

29 шілдеде желіде Jackpot тобының әншісі Ксения Ашығалиеваның видеосы пайда болды. Онда қыз күйеуі Бауыржан Ашығалиевтің ұрып-соққанын, қамауда ұстап, өлтіруге әрекет жасағанын айтқан. Келесі күні полиция оның күйеуін ұстады. Тамыз айында Бауыржан Ашығалиев үй қамауына алынған.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button