ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Nur Otan саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды

АСТАНА. 14 наурыз. Nur Otan саяси кеңесінің 18 наурызға белгіленген отырысы өтпейтін болды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Мұндай шешім коронавирус індеті таралу қаупінің алдын алу үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты қабылданып отыр.

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек әлеуметтік желіде партияның 18 наурызда өтетін саяси кеңесі отырысының болмайтынын жазды.

«Коронавирус індеті таралу қаупінің алдын алу үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты Nur Otan партиясының 2020 жылғы 18 наурызға белгіленген саяси кеңесінің отырысын өткізу тоқтатылады», делінген жазбада.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button