ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы
Елімізде коронавирус жұқтырған адамдар саны 6-ға жетті
АЛМАТЫ. 14 наурыз. Бүгін Қазақстанда тағы екі адамның коронавирус жұқтырып алғаны белгілі болды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Бұлардың бірі – Астанада, екіншісі Алматыда тұратын болып шықты. Екеуі де кеселді шетелден жұқтырып келген. 1958 жылы туған ер кісі 10 наурызда Мәскеуден Алматыға ұшып келген. Ал тағы бір әйел адам ұшақ арқылы Варшавадан Астанаға жеткен.
Осымен, Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырып алған адамдар саны 6-ға жетті.
13 наурызда Денсаулық сақтау министрлігі Германия мен Италиядан келген төрт адамнан коронавирус анықталғанын жариялаған болатын.