Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік
Темекі шегетіндерге коронавирус жұқпайды – ғалымдар
МӘСКЕУ. 13 наурыз. Ғалымдар темекі тартатын адамдардың коронавирус жұқтыру ықтималдылығы мұндай зиянды әдеті жоқ адамдармен салыстырғанда, 20 есеге төмен екенін айтып отыр. Бұл туралы «Федерал Пресс» хабарлады.
Басылым деректерінше, Уханьдағы коронавирус жұқтырған 140 адам тексерілгенде, олардың арасындағы 2 адам ғана темекі тартатын болып шықты. Бұл науқастар тобының небәрі 1,4 пайызын құрайды екен.
Мұның өзі темекі тартатын адамдардың коронавирус жұқтыру ықтималдығы мұндай зиянды әдеті жоқ адамдармен салыстырғанда, 20 есеге төмен екенін білдіреді.
Сонымен бірге, сарапшылар коронавирус жұқтыру қаупі, әсіресе, гипертония мен диабеті бар адамдарда жоғары деп атап өтеді.