Димаштың турнесі Еуропа қалаларында жалғасады
АСТАНА. 13 наурыз. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің Еуропа елдеріне жасайтын гастрольдік жеке турнесін құрлықтың бес қаласында жалғастырып, аяқтағалы отыр. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
«Арнау тур» атты бұл турне Прага, Гамбург, Дюссельдорф және Минск қалаларын қамтиды. Әлем әншісінің фанаттары ол жақтарда да оны асыға күтіп отыр.
Димаштың бұрнағы күні, 11 наурызда Украина астанасы – Киев қаласындағы концерті аншлагпен өтті.
Қазақ баласының жеке ән кешіне, алыстан ат терлетіп келген жұрттың қарасы қалың болды. Украина астанасы сол күні ауа райымен қуанта қоймаса да, жергілікті халыққа жылулық сыйлады. Бұл жылулықты Мәскеуден кейін өзінің жеке концертімен ат басын бұрған Димаш Құдайберген әкелді. Қазақстандық әншінің бұл жақта жанкүйерлері көп. Димашты, тіпті Украина халқы ғана емес, әлем жұрты сүйеді. Киевтегі алғашқы концертіне сонау мұхит асып АҚШ, Канада, Жаңа Зеландиядан да жанкүйерлері келіпті. Бұл қазақстандық әншіге деген ерекше құрмет болып отыр.
Джоуэл Бенабоу, жанкүйер (Канада):
– Біз Димаштың өлеңдерін таңертең де, кешке де тыңдаймыз. Ерекше бір ләззат аламыз. Бұған дейін Рига мен Мәскеудегі концертінде болған едік. Өте керемет.
Нина Боуден, жанкүйер (АҚШ):
– Мен Димаштың Нью-Йорктегі концертінде болдым. Сүйікті әншіме жақын отыру үшін 5 билетті ауыстырдым. Арманыма жеттім.
Риат Шони, тілші:
– Қазақстандық әншінің Еуропадағы концерттік туры бүгін Украина астанасы – Киевте жалғасын тапты. Шараның басталуына санаулы минуттар қалды. Халық біртіндеп жиналып жатыр. Ал Украинадағы Димаштың жанкүйерлері бүгін өздерінің сүйікті әншісі көптен күткен «Дайдидау» әнін шырқайды деп үміттенеді. Әлем халықтарын қазақ тілінде ән айтқызған бұбұл дауыс иесі. Әр концерті жанды дауыста өтуде. Жанкүйерлері Димаш ән айтқанда оған қосылып, қолдап отырды.
Айта кету керек, Димашты барлық концертінде жақындары қолдап келеді. Әке-шешесі де үнемі қасында. Тіпті, Қанат Айтбаевтың өзі баласы ән шырқағанда қазақтың ұлттық аспабы домбырамен сүйемелдейді. Шындығын айту керек, әлем елдерінде қазақша ән шырқап, алып стадиондарды жинаған қазақ өнерпаздары кемде-кем шығар. Украина халқы көптен күткен Димаш Құдайбергеннің Киевтегі алғашқы үлкен концертін қуана қарсы алды. Сахна төрінде 2,5 сағат бойы жанды дауыста ән шырқап, тыңдармандарын қуантқан әншіні жергілікті халық осында қалуын да сұрады.
Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген бұдан кейін, 19 наурызда Германияның Гамбург қаласындағы «Barclaycard Arena Sylvesterallee» аренасында, 21 наурызда Дюссельдорфтағы «Düsseldorf ISS DOME» залында, 25 наурызда Чехияның астанасы – Прагадағы «TipSport-Arena» спорт сарайында, 29 наурызда Германияның Штутгарт қаласындағы «Hanns-Martin-Schleyer-Halle» сарайында, ал 4 сәуірде Беларусь астанасы – Минскідегі «Минск-Аренада» көпшілікпен көзайым болады. Осымен турне аяқталады.
Германияның 3 қаласындағы және Прагадағы ән кештері, болмайтынын хабарлады, кеше ғана. Билеттер күшін қоймайды, сақтаңдар деп айтылды.
Германияның 3 қаласындағы және Прагадағы ән кештері, болмайтынын хабарлады, кеше ғана. Билеттер күшін жоймайды, сақтаңдар деп айтылды.