Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар
Қазақстанда мектеп оқушылары каникулға жіберіледі
АСТАНА. 13 наурыз. Қазақстанда мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап каникулға жіберілетін болды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Мұның алдында республикада коронавирустың алдын алу мақсатында бұқаралық шаралар өткізуге уақытша тыйым салу жөнінде шешім қабылданған болатын. Ол тыйым бүгін күшіне енеді. Осыған орай әзірге бұқаралық іс-шараларға, оның ішінде спорттық және мәдени ойын-сауыққа тоқтам жасалады.
Санитарлық және дезинфекциялық режимдер күшейтілді. Осы кезде мектеп оқушыларына экскурсия жасауға да болмайды.