17 Қазан, 20:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Димаш Құдайберген – Қырғызстанның халық әртісі (видео)

24 Шілде 2025 22:49
- Жаңалықтар, Таным
Димаш Құдайберген – Қырғызстанның халық әртісі (видео)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЧОЛПОН-АТА. 24 шілде. Кеше Ыстықкөлдің жағасында өткен халықаралық музыкалық фестивальде қазақ әншісі Димаш Құдайберген «Қырғызстанның халық әртісі» атағын алды. Бұл туралы turmush.kg ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мемлекеттік хатшы Марат Иманкулов фестивальдің жабылу салтанатында Димаш Құдайбергенге Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы достық және мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін «Қырғыз Республикасының халық әртісі» атағын тапсырды. Осыған тиісті жарлыққа Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қол қойды. Ол сол сәтте залда отырды.

Халықаралық музыкалық фестивальде Димаш Қанатұлы қырғыз және қазақ халықтары турасында өз ойын айтты. «Қырғыздар – өте талантты халық» деді ол осында өткен баспасөз мәслихатында.

Журналистердің бірі оған қырғыз әншілерімен бірлесіп жасайтын жобаңыз жоқ па, деген сыңайда сұрақ қойды.

«Әзірге қырғыздың әншілерімен жоспарым жоқ, – деді Димаш орысша қойылған сауалға қазақша жауап қайтарып. – Дей тұрғанмен, қырғыздың өте талантты халық екенін жақсы білемін. Және де қырғыздың баяғы, бағзы заманнан бері келе жатқан шығармашылығымен жақсы таныспын. Өзім көп ізденгенді ұнатамын, музыкант болғаннан кейін, әнші болғаннан кейін, осы салада 26 жылдан бері дәріс алып, қызмет етіп жүргеннен кейін барлық жағынан хабардар болуға тырысам. Сол себеппен қырғызша менің ерекше жақсы көретін шығармам «Куйдум чок» деп аталады».

Келесі бір сұрақтың сыңайында жауап бергенде, Димаш былай деді: «Қырғызстан ең алдымен ол – біздің Құдайдан берілген бауырымыз, ең жақын көршіміз. Жалпы, қазақ пен қырғыздың арасында анау айтқандай айырмашылық жоқ деп айтуға болады. Біздің байырғы түбіміз бір. Біз қазіргі отбасы моделі бойынша айтар болсақ, бір ата-ананың егіз екі баласы сияқтымыз».

Таңбалар: Димаш ҚұдайбергенҚырғызстанфестиваль

Ұқсас мақалалар

Қырғызстан бірінші рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды
Жаңалықтар

Қырғызстан бірінші рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды

03.06.2026
Қырғызстан Ресеймен сауда жасайтын ондаған компанияны жапты
Әлеумет

Қырғызстан Ресеймен сауда жасайтын ондаған компанияны жапты

22.05.2026
Ресей қырғыз оқулықтарынан «отар» сөзін алып тастауды бұйырды
Жаңалықтар

Ресей қырғыз оқулықтарынан «отар» сөзін алып тастауды бұйырды

19.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist