Жаңалықтар жаңғырығыРуханият

Димаш Қытайда өткен «Qingdao International Beer festival» фестиваліне қатысты

ЦИНДАО. 20 шілде. Қазақтың маңдайына біткен әлемге әйгілі әншісі Димаш Құдайберген Қытайда өткен «Qingdao International Beer festival» фестиваліне қатысты. Бұл туралы Dinash News ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Қытайдың Шаньдун провинциясының Циндао қаласында туризм, сауда, экономика және мәдениет салаларын біріктіретін халықаралық сыра фестивалі 34-ші рет өтіп жатыр. Ол  Жөңгенің осы қаласында 1991 жылдан бері миллиондаған адамдардың қатысуымен өтіп келеді.

Qingdao International Beer фестивалі – Азиядағы ашық аспан астындағы ең үлкен фестиваль және әлемде төрттің бірі ретінде танымал. Онда тек қана әлемдік бренд өнімдердің тұсаукесері ғана емес, сонымен қатар әртүрлі форумдар, дөңгелек үстелдер, цифрлық технологиялар саласындағы көрсетілімдер, өнер көрмелері, қытай және әлем тағамдарының жәрмеңкелері, fashion іс-шаралар, спорттық жарыстар, туристік флешмобтар мен театрландырылған спектакльдер көрсетіледі.

Биылғы іс-шараның негізгі тұжырымдамасы – «Сыра фестивалі + музыка фестивалі» аясында Қытай және басқа да елдердің ең танымал жұлдыздары қатысқан үлкен мереке сияқты болып өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қытай стилі мен халықаралық элементтердің үйлесуі Шын елінің сыртқы әлемге ашылуын көрсетеді.

Фестивальде Димаш Құдайберген жеті жыл бұрын «I am a Singer» жобасында қазақстандық әншіге Қытай халқының назарын аударған «SOS d’un terrien en distresse» композициясын қайта орындады. Ол сондай-ақ «Ұмытылмас күн» атты алғашқы әндерінің орындап, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді.

 

 

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button