Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Исламхан алыстан теуіп, керемет гол соқты (видео)

ЭР-РИЯД. 13 наурыз. Қазақстан құрамасының капитаны, «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Бауыржан Исламхан Сауд Арабиясы чемпионатында бірінші голын соқты. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Гол керемет соғылды. Бауыржан оны алыстан ұрып түсірді. Қақпашының жанынын өткен доп тордан бір-ақ табылды.

Матч 11 наурыз күні  Саудия чемпионатында «Әл-Айна» және «Әл-Шарджа» командаларының арасында өтіп еді. 32-минутта қазақ футболшысы есепті 2:1-ге жеткізді.

Кездесу 3:2 есебімен Исламханның командасы пайдасына шешілді.

Матчтың үздік ойыншысы атағы біздің футболшыға бұйырды.

Ойыннан кейін «Әл-Айна» клубының бас жаттықтырушысы Педру Эмануэль Исламханның добын ерекше атап өтті.

Қазақ футболшысының голына спорт комментаторы да қайта-қайта ризашылық білдіріп отырды.

Исламхан бұл командаға 31 қаңтарда келді. Содан бері бірнеше голдың соғылуына себепкер де болып үлгерді. Жартылай қорғаушы, міне, енді өзінің голын да соғып отыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button