Жаңалықтар жаңғырығыРуханият

Димаштың Мәскеудегі концерті фурор әкелді (видео)

МӘСКЕУ. 10 наурыз. Кеше Мәскеуде қойылған белгілі қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің концерті үлкен өрлеу үстінде өтті. Бұл туралы Sputnik хабарлады.

Үш сағатқа созылған өнер кеші «Мегаспорт» залында өтті.

Хабарлағандай, орындаушы дәстүрге сай концертін қазақтың бірнеше күйін тартып берумен ашқан.

Ресейлік белгілі музыкант және композитор Игорь Крутой концерттің арнайы шақырылған қонағы болды. Ол Димаштың әндерін рояльда сүйемелдеді.

«Мен осындай данышпан және талантты композитормен жұмыс істесу мүмкіндігін бергені үшін тағдырыма ризамын. Қазір күллі әлемде музыкамен бірге өмір сүріп, онымен оянатын адамды кездестіру қиын. Ең бастысы, мұндай адамның қол жеткізген жоғары жетістіктеріне қарамастан, қарапайым болып қалғанында. Мен ондай адамжы білемін, мен оны өте жақсы көремін және құрмет тұтамын», – деді Димаш Игорь Крутойға сөзін арнап тұрып. Содан кейін маэстроның бірнеше әнін орындады.

Қазақ әншісі 14 мың орындық аренаны түгел толтырды. Бұған қоса фн-аймақта отырғандар да болды. Бұл жолы Крутой оған «Мой друг» деген жаңа әнін арнады.

Диамш өзінің Еуропаға турнесін жалғастырып жатыр. Ол ертең Киевте өнер көрсетеді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button