Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Иран вирусқа орай 70 мың адамды түрмеден босатты

ТЕГЕРАН. 10 наурыз. Иран билігі коронавирустың салдарынан түрмелерде отырған 70 мыңға жуық адамды босатып жіберді. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

«Иран енді коронавирустың елде қатты қарқынмен тарауына байланысты қапастан уақытша шығарып жіберілген сотталушыларды қайтадан әкеліп қамауға ниетті емес. Олардан әзірге қоғамға қауіп төніп тұрған жоқ», – деді Иран сот билігінің басшысы Ибрахим Раиси.

«Қамаудағыларды босату қоғамға қауіп төнетін хәлге жеткенге дейін жалғаса береді», – деді Иран сот билігінің өкілі Голямхосейн Эсмаили.

Ақпанның 19-нан бастап парсы елінде коронавирусты жұқтырып алғандар саны 6566 адамға жетті. Бұлардың 2134-і қазірге шекті жазылып шықса, 194-і қаза тапты. Иранда бұл вирус тарамаған бірде-бір провинция қалған жоқ.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button