Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Үнділер вирустан сақтану үшін қиға шомылды

НЬЮ-ДЕЛИ. 9 наурыз. Үндістанның Хириюр қаласында біраз адам коронавирустан сақтану мақсатында малдың қиынан жасалған ваннаға түсті. Бұл туралы News Flare хабарлады.

Аталмыш қаланың тұрғындары вирустан сақтанудың ең тиімді жолы жас қи мен суды араластырып толтырылған суға шомылу деп түсінеді.

Басылым хабарлағандай, бір топ еркек аталған спа-процедураны видеоға түсіріп, тіпті одан өздері біршама рахат та алғанға ұқсайды.

Ваннаға шомылушылардың бірі малдың қиы күллі әлемді тығырыққа тіреп отырған коронавирустан құтылудың бірден-бір тиімді жолы болатынын айтып берген.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button