Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік
Қытайдан жеміс-жидек әкелу тоқтатылды
АСТАНА. 6 наурыз. Қазақстанға Қытайдан жеміс-жидек тасу уақытша тоқтатыла тұрады. Бұл туралы NV.kz хабарлады.
«Барлық жеміс-жидек бақтарында карантин нысандарына қарсы алдын алу шаралары өткізілген жоқ», – деп түсіндірді мұны Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанға Қытайдан жеміс-жидек тасуға наурыз айының басынан бастап уақытша тыйым салынған. Бұлардың арасында сүйекті, дәнекті және цитрусты дақылдар бар. Мұндай шешім Қытай азық-түлік өнімдерінде карантинді нысандардың табылуы негізінде қабылданып отыр.
Қытай тарапы мұның жеміс-жидек бақтарында карантин нысандарына қарсы алдын алу шараларының өткізілмеуінен болып отырғанын мәлімдеді.