Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

«Манчестер Юнайтед» ширек финалға шықты (видео)

МАНЧЕСТЕР. 6 наурыз. «Манчестер Юнайтед» футбол клубы Англия Кубогының 1/8 финалында «Дерби Каунтиді» сырт алаңда ұтып, ширек финалға жолдама алды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Матч 3:0 есебімен қонаөтаржың пайдасына шешілді. Манкуиандықтықтар бірінші таймда екі гол соғып үлгерді. Есепті 33-минутта Люк Шоу ашты. Бұдан кейін манчестерліктердің дебютанты, нигериялық шабуылшы Одион Игало 41-минутта есепті ұлғайтты.

Сол Игало екінші таймның 70-минутында тағы бір голдың авторы атанып, дубль жасады.

Енді «Манчестер Юнайтед» ширек финалда «Норвич Ситимен» кездеседі. Бұл команда мұның алдында Лондонда жергілікті «Тоттенхеэм Хотспурмен» ұшырасып, 1:1 есебімен тең ойнаған еді. Ал пенальтилер сериясында 3:2 есебімен басым түсті.

 

https://youtu.be/I2eNj9sG3Aw

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button