Димаш фанаттарына жапон тілінде сөз арнады (видео)
АСТАНА. 1 наурыз. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің Instagram-ында фанаттарына жапон және ағылшын тілдеріне сөз арнады. Бұл туралы 365info.kz хабарлады.
Үстіміздегі жылғы 22-24 мамыр күндері Жапонияда 19-шы «Tokyo Jazz Festival» фестивалі өтеді. Ұйымдастырушылар оған 90 мыңға жуық көрермен келеді деп күтіп отыр.
Қазақ әншісі сонда Херберт Джеффри Хэнкок тәрізді джаз әлемінің аңызына айналған тұлғалармен бір сахнада өнер көрсетеді. Америкалық джаз пианисі және композитор «Грэмми» сыйлығын 14 рет жеңіп алған. Ол XX ғасырдағы ең ықпалды джаз композиторларының бірі болып саналады. Фестивальге қазіргі заманғы джаздың жетекші саксофонистерінің бірі, Грэмми сыйлығының иегері, АҚШ өкілі Джошуа Редман да келеді.
Димаш өзінің арнауында өз табынушылары аталмыш фестивальге келуге шақырды.