Қытайдағы дефляция: Путиннің Ресейі бұдан көбірек зардап шеккелі отыр
БЕЙЖІҢ. 21 қаңтар. Әлем экономистері Қытайда айналымдағы ақшаның шектен тыс көбейіп кетуіне байланысты дефляциялық* ахуалдың туып отырғаны жайлы дабыл көтеріп жатыр. Бұл туралы New York Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мұның дүние жүзі экономикасына да келтіретін залалы аз болмайды, соның ішінде қаржы жағынан ең алдымен Бейжіңге жаппай және тұтас тәуелді болып отырған Ресейге қатты соққы болып тиеді.
«Экономистер Қытайдағы экономикалық жағдайға байланысты алаңдаушылықтарын білдіре отырып, бұл үдерістерді дефляциялық ахуал деп бағалап отыр. Алайда мұндағы қиындықтың бәрі Қытай статистикасының мөлдір еместігінен және талдаулардың қосымша мәліметтер негізінде жасалатынан шыққан», – деп жазады New York Times газеті осы орайда.
Мамандардың айтуларынша, Жапония мен басқа да Азия елдерінің 90-шы жылдарда бастан кешкен дағдарысын ескерсек, бұл дабылдың соңы оншалықты жақсылыққа апара қоймайды. Шамамен бір жарым не екі жыл уақытқа созылатын дефляциялық кезең экономикалық құлдырауғажеткізеді.
Орасан зор экономикалық дефляциялық кезең Қытай үшін Жапония бастан кешкен уақыттан ұзағырақ болуы ықтимал.
Америкалық экономист, Нобель сыйлығының лауреаты Пол Кругман Қытайдағы дефляцияның Жапониядағы ахуалға ұқсас екенін айтады. Мұнда да сол сценарийдегі сияқты жастар арасындағы жұмыссыздықтың деңгейі өте жоғары, бұл «тоқыраушылық пен түңілушілік» дәуірі басталып келе жатқанын көрсетеді.
*Дефляция – шектен тыс көбейіп кеткен ақшаның сатып алу қабілетін арттыру үшін оны айналымнан алу