Ресей оккупанттары Запорожье түбінде украин соғыс тұтқындарын атып тастады
КИЕВ. 27 желтоқсан. Ресейлік басқыншылар армиясының жауынгерлері Запорожье қаласының жанында украинның үш соғыс тұтқынын оққа байлап жіберді. Бұл туралы «Украинская правда» дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украина прокуратурасы жаудың украин тұтқындарын Запорожье түбінде атып тастаған фактісі бойынша тексеруді бастады.
Тергеу мәліметіне қарағанда, РФ әскери қызметкерлері 2023 жылғы желтоқсанда Украина қорғаныс күштерімен болған ұрыс қимылдары кезінде Запорожье облысының Роботино селосына жақын жерде украинның үш отан қорғаушысын тұтқынға алады.
Бірақ басқыншы зәндамдар арада небәрі бір сағат өткесін, Женева конвенциясының соғыс тұтқындарына қатысты 3-бабының талаптарын өрескел бұзып, үш украин солдатын атып тастайды.
Осы мезет түсірілген видео кейін интернетте тарады.