18 Қазан, 20:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Не молчи KZ» қорының басшысы Дина Таңсәріге қарсы алты іс қозғалды

28 Желтоқсан 2023 08:49
- Жаңалықтар, Құқық
«Не молчи KZ» қорының басшысы Дина Таңсәріге қарсы алты іс қозғалды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 28 желтоқсан. «Не молчи KZ» қорының басшысы, құқық қорғаушы Дина Смаилова (Дмна Таңсәрі) бірден алты қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылғалы отыр. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Кеше Ішкі істер министрлігі құқық қорғаушы, «НеМолчи.kz» қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу жариялады. Оны іздеу хақындағы ақпар құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында жарияланды. Жарияланымда Динара Ботақызы Смайыловаға (құқық қорғаушының шын және толық аты-жөні – ред.) 27 желтоқсаннан бастап іздеу жарияланатыны айтылады.

Іс Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Күдіктіні іздеумен Өскемен қалалық полиция басқармасы айналысып жатыр.

Бұған дейін БАҚ-та Дина Таңсәріге қатысты алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді.

«Қазіргі таңда Алматы қаласының, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының полиция департаменттері Динара Смайыловаға (Дина Таңсәрі) қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату, жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғап, тергеп жатыр», – делінген сәрсенбі күні жарияланған хабарламада.

Қоғамдық қорғаушыға көрінеу жалған ақпарат таратты, жеке өмірге қол сұғылмаушылық тәртібін бұзды, сондай-ақ алаяқтық жасады (екі жерде) деген айып тағылып отыр.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында Смайылованың «НеМолчиKZ» қорының басшысы екені, сонымен қатар өзін қоғам белсендісі, құқық қорғаушы және әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күресуші ретінде көрсететіндігі анықталды. Ол өз қызметін әлеуметтік желілерде кеңінен жариялайды. Алайда Смайылованың көптеген жарияланымдары шындыққа жанаспайды, себебі олар тергеумен расталмаған. Оның жалған хабарларымен құқығы бұзылған азаматтар шағым түсірді. Тергеу мен жүргізілген сот сараптамалары көрсеткендей, «НеМолчиKZ» қорының басшысы тек өзінің субъективті пікіріне сүйене отырып, айыптау басылымдарын жазған», – дейді ІІМ тергеу департаменті бастығының орынбасары Самат Аисов.

Оның айтуынша, Смайылова жалған ақпарат таратумен қатар 2021 жылдан бастап, өзі Қазақстан Республикасынан тыс жерде бола тұра, өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету үшін қаражат жинайтынын жариялаған. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті тергеп жатқан алаяқтық аясында сәуір айында Смайылова Өскемен қаласында кәмелетке толмаған қыздың өзіне қол жұмсағаны туралы жалған мәлімет жариялағаны анықталды.

«Содан кейін ол қаза болған адамның отбасына көңіл айтып, бұл жағдайды жоққа шығарған полицияға сенбей, өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің болғанын және қыздың ауруханада жатқанын мәлімдеген. Алайда бұл жарияланымдардың бәрі жалған болып шықты, өйткені іс жүзінде суицид болған жоқ, – деп жазады Самат Аисов.

Аталмыш кәмелетке толмаған қыз зардап шеккен бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді. Осыған қарамастан, Смайылова жәбірленушінің адвокатына ақша жинайтынын жариялап, сот процесі кезінде 20 млн теңгеден астам қаражат жинаған. Оның аз ғана бөлігін іссапар шығындарына төлеген.

«Алайда сотта адвокаттың қызметін жәбірленуші тараптың өзі төлегені белгілі болды, бұл сотталушылардың қорғаушыларының наразылығын тудырды», – дегенді қосады ол сосын.

Алаяқтық бойынша тағы бір қылмыстық істі Алматы облысының полиция департаменті кәмелетке толмаған зорлық-зомбылық құрбанына көмек көрсету үшін ақша жинау фактісі бойынша қозғады.

«Бұл жағдайда Смайылова бір отбасындағы зорлық-зомбылық туралы жалған хабарлама жариялап, оқырмандарынан ақша аударуды сұрап, жұбайының Каspi картасының реквизиттерін көрсеткен. Тергеу барысында зорлық-зомбылық фактісі расталмады. Бірақ банк мәліметтеріне сәйкес көрсетілген уақыт ішінде Смайылова тағы да бірнеше миллион теңге жинап үлгерген. Сонымен қатар соттың санкциясымен алынған банк мәліметтерін талдау барысында Смайылованың коммерциялық емес ұйымдар туралы заңның талаптарын бұза отырып, өзі шетелде бола тұрып, аударымнан түскен ақшаны жұбайының жеке карточкасына салғаны, сондай-ақ ақшаны өз қажетіне жұмсағаны анықталды. Алынған дәлелдемелерді ескере отырып, тергеу органы Смайылованың іс-әрекетін Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі бойынша саралап, 27 желтоқсанда оған іздеу жарияланды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», – деп атап өтеді Самат Аисов.

Таңбалар: Дина ТаңсәрііздеуІшкі істер министрлігіқылмыстық іс

Ұқсас мақалалар

Жат елдің «жарамазаншылары» үстерінен қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтар

Жат елдің «жарамазаншылары» үстерінен қылмыстық іс қозғалды

05.09.2026
Армения бас прокуратурасы экс-президент Кочарянның үстінен іс қозғады
Жаңалықтар

Армения бас прокуратурасы экс-президент Кочарянның үстінен іс қозғады

25.08.2026
Қазақстан да Дмитрий Биволдың экс-жұбайына іздеу жариялады (видео)
Жаңалықтар

Қазақстан да Дмитрий Биволдың экс-жұбайына іздеу жариялады (видео)

31.10.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist