Оккупанттар Крынкиде қырылып қалды: украиндар Путинге «сәлем» жолдады
КИЕВ. 29 желтоқсан. Украин әскерлері Ресей диктаторы Владимир Путинге «видеосәлем» жолдап, орыс оккупанттарының Крынки түбінде қырғынға ұшырағанын көрсетті. Бұл туралы «Диалог.ua» дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
«Украин әскерилері Крынкидің айналасында қаза тауып, денелері шашылып жатқан ондаған орыс солдаттары түсірілген видеоны жариялап, Путинге нақты жауап қайтарды», – делінген хабарламада.
Мұның алдында узурпатор Ресей армиясының Херсон бағытында жоғалтқан жауынгерлерінің сипаты санитарлық тазалау деңгейінде ғана екенін атап өткен еді. Бірақ мұның шындыққа мүлде жанаспайтынын Украина Қарулы күштерінің отан қорғаушылары бірден дәлелдеп берді. Видеода орыс оккупанттарының жер-тезек болып қырылып қалғаны айқын көрініп тұр.
Украин әскерилерінің «Мадьяр» деген шақыру атымен әлеуметтік желіде жарияланған видеода Крынки елді мекені маңында шашылып жатқан орыс басқыншыларының мәйіттері анық көрінеді.
«Қаза тапқандардың мүрделеоі жоғарыдан өте жақсы көрінеді», – деп жазады украин сайты.
Ресурстың мәліметінше, Ресей әскерлері Херсон майданында айтарлықтай көп мөлшерде «санитарлық» шығынға ұшырауда.