Басқыншылар Авдеевка түбінде күніне 400-ге жуық адамынан айырылуда
КИЕВ. 27 желтоқсан. Ресейдің басқыншылар армиясы Авдеевка түбінде күн сайын 300-400 жауынгерін өлідей және жаралы қалыптарында жоғалтып жатыр. Бұл туралы «Украинская правда» дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Әзірге оккупанттардың Авдеевканы қоршауға ала алатынын күмәнді, мұнда ресейліктердің күніне 300-400 адамы өлідей және тірідей қатардан шығып қалуда», – делінген хабарламада.
Мұны Таврия бағытындағы қорғаныс күштері біріккен баспасөз орталығының спикері Олександр Штупун телемарафон эфирінде айтты.
«Біз қазір қорғанысты беріп ұстап тұрмыз. Бұзып-жарып өту, қоршауға алу қатері барлық уақытта болады. Бірақ біз мұнда резервті алдырып, қайта құрылуды жалғастырып тұрамыз, сол аралықты жауға күйрете соққы беріп аламыз. Олар мұнда күн сайын 300-400 адамынан өлідей және тірідей айрылып жатыр, қираған әскери техникалары да есепсіз көп. Сондықтан оккупанттар тарапынан болуы ықтимал әлдеқандай бір қауіп жайлы сөз болуы да мүмкін емес», – деді ол.
Штупун бұған қоса, украин жауынгерлерінің Запорожье облысының Роботино ауданында соңғы үш күнде дұшпанның 5 адамнан тұратын екі тобын қолға түсіргендерін сөз етті.
Мұның алдында тұтқынға түсіп қалған бір орыс оккупантының украиндардан өзін өлтірмеуді сұрап, жалынып, жылап тұрған видеосы тарап еді. Алайда осылай тірі қалған рашист бір ыңғайы келген кезде қашып кеткен болып шықты.