Херсон түбіндегі аралда қалған Ресей солдаттары аштықтан тышқан жеп жатыр
КИЕВ. 29 тамыз. РФ қарулы күштерінің Херсон бағытында қоршауда қалып қойған 205-ші бригадасының оккупанттары азық-түлік жоқтығынан тышқан етін қайнатып жеуге кірісті. Бұл туралы «Диалог. Ua» дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресейдің Z-арналарының атап өтулерінше, 205-ші бригаданың «эпопеясы» әлі жалғасып жатыр. Херсон түбіндегі аралда тұзаққа түсіп қалып, қоршауға тап болған бөлімшені командование алып шығуға асығар емес, бұған қоса, оларды азық-түлікпен және тіпті сумен қамтамасыз етпейді. Мұны ресейлік пропагандист, «әскери тілші» Романов өзінің Z-блогында жазып отыр.
Оның мәліметінше, РФ қарулы күштері бір топ жауынгерді Украина Қарулы күштерінің «координаттарын белгілеу» үшін аралға аттандырады. Мұның ақыры басқыншылардың кірген жерлерінен кері қарай шыға алмай қалуларына апарып соқтырды. Ол бұл жерде еш азық-түліксіз қалды.
«Топ айтылған координаттарды анықтады, бірақ ол бойынша жүріп жатқан жұмыс жоқ… Лимит – бір күнде 8 снаряд қана ату керек. Топты қыспақтан алып шығайын деп жатқан да ешкім жоқ, бүгін олар аштан қатпау үшін тышқан қайнатып талғажу қылды», – деп жазады Романов.
Еске сала кетейік, 205-ші бригаданың басына түсіп отырған жай туралы 24 тамызда әскери тілші Евгений Гузенко өзінің блогында атап өткен еді. Ол аталмыш бөлімше барлау тобының Херсон бағытында тұзаққа түсіп қалғанын, шығыны өте көп екенін баяндады. Ал командирлерінің оларда шаруалары жоқ.